ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ

20.12.16

ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ

ОҚМПИ Тәуелсіздіктік ширек ғасырлық мерейлі мерекесін айырықша сән-салтанатпен атап өтті. Шара асында Азаттық тақырыбында бірнеше ашық сабақтар өткізіліп, ғылыми практикалық конференциялар ұйымдастырылды. Сондай-ақ студенттер 25 санын айшықтайтын флеш мобтар өткізді. Ал шараны "Тәуелсіздік-теңдігім, егемендік - ерлігім" тақырыбындағы салтанатты жиын қорытындылады. Институт басшылығы ұстаздар мен шәкірттерді айтулы мерекемен құттықтады. Олар білім саласындағы жемісті еңбектері үшін арнайы марапатқа ие болды. Осыған орай өнерпаз жастар мерекелік концерт өткізіп, баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.