Студенттер "Ғылым шарайнасы" байқауынан жүлделі оралды

13.12.16

Студенттер "Ғылым шарайнасы" байқауынан жүлделі оралды

ОҚМПИ бастауыш білім факультеті, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы тобының студенті Мафтуна Ғұламованың ғылыми жұмысы "Ғылым шарайнасы" атты  республикалық сайыста  1 орынға лайық деп танылды. Ғылыми еңбек «Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары»  деп аталады.   Адамның жеке тұлғасын қалыптастыру негiзi балабақшада қаланатыны баршаға аян. Ғылыми еңбекте  осы жастан бастап баланың жан-жақты дамуы, жеке қасиеттерін қалыптастыру жайы сөз болады.

Сондай-ақ институтымыздың тағы бір шәкірті мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының студенті Жамал Серік те "Ғылым шарайнасы" байқауында 1 орынды еншіледі.  Ол байқауға «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін  дамытуда қазіргі  балалар  поэзиясының  маңызы»  атты ғылыми еңбегін ұсынған болатын.  Ал осы факультетте білім алатын Мадина Қалмұратова байқауда  «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мақал-мәтел, жаңылтпаштардың маңызы»  атты ғылыми жұмысын қорғап шығып, "Жас зияткер" номинациясында үздік атанды.

Осымен жетінші рет өткізілген студенттердің ғылыми еңбектері байқауында білім ордасының тағы 3 студенті екінші орынды иемденді.  Олар Кәмилә Әбдімәжитова, Ақжарқын Асылхан және Әсел Айтымбетова.  Бұл студенттердің барлығының ғылыми жұмысына филология ғылымының кандидаты, доцент Раушан Қажиакбарова жетекшілік етті.