Ғылыми еңбек көпшілікке  Ұлыбританияда таныстырылды.

06.12.16

Ғылыми еңбек көпшілікке  Ұлыбританияда таныстырылды.

Ұлыбританияның Кембридж қаласында ОҚМПИ-дың профессоры Әбдімәлік Әшіровтың  "Адамзаттың өмір сүру тұғырнамасы. Азық-түлік қауіпсіздігі" атты кітабының тұсаукесері өтті. Ғылыми еңбекті  әлемнің белді ғалымдары мен Нобель сыйлығының иегерлерінен жасақталған сараптау тобы бағалап, оған жоғары баға берді. Ә. Әшіровтың бұл кітабы қазіргі замандағы ең бір өткір мәселелерге қозғау салуымен ерекшеленеді. Кембриджде өткен рәсімнен соң кітап Лондон қаласында көпшілікке таныстырылды. Мұндай салтанатты таныстырылым алдағы желтоқсан айында  Алматы мен Астана қаласында да өтетін болады.