Өнерпаздардың толағай табысы

06.12.16

Өнерпаздардың толағай табысы

ОҚМПИ-дың ақын-сазгерлері үлкен жетістікке жетті. 1 курс студенті Нұрғали Әнәпия ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған  жастар байқауында  жүлдегер атанды. Жас таланттың табысынан соң іле-шала  еліміздің батысынан да қуанышты хабар жетті. Ақын Дәурен Ақсақалов республикалық ақындар айтысында топ жарды. Сондай-ақ ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай  өткізілген  ақындар айтысында да білім ордасының бірнеше өнерпазы оза шауып, бәйге алды. Айтыстың бас жүлдесі-автокөлікті Анар Жаппарқұлова иемденді. Ал институттағы жас ақындар үйірімесінің жетекшісі  Біржан Байтуов ақшалай  сый алды.  Өнерпаздарымызды мәртебелі жүлдесімен құттықтаймыз!