Олимпиада жүлдегері студенттерге қонаққа келді

29.11.16

Олимпиада жүлдегері студенттерге қонаққа келді

  ОҚМПИ-да дзюдодан Рио олимпиадасының қола жүлдегері Отгонцецэг Галбадрах жастармен кездесті. Кездесу барысында студенттер Отгонцецэге көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алуға тырысты. Дегенмен «қола қыз» көп сөйлемейтін тұйық қыз болып шықты. Ол өзіне қойылған сұрақтарға ұзақ ойлана отырып, қыса әрі нұсқа жауап беріп отырды. Бір студент спортшы қызға:

- Егер қазақ жігіті үйленуге ұсыныс жасаса, келісер ме едіңіз? – деп сұрақ қойды. Отгонцецэг бұл сұраққа жымиып:

- Ойланып көремін! – деп жауап берді. Зал ду күлді. Бұл бір көңіл сергітер кездесу болды.