Тәуелсіздік тарихы

21.11.16

Тәуелсіздік тарихы

Ел Тәуелсізідігінің 25 жылдық мерейтойына арналып, ОҚМПИ-да "ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ-ТӘУЕЛСІЗДІК МҰРАТЫ" атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция өтті. Оған облысы әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Болат Көмекбаев,М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Жібек Сыздықова, Германиядағы Бонн университетінің профессоры Нұрлан Кенжеахметұлы қатысты. Конференция аясында "Ұлы Дала елі - өркениеттер тоғысында" тақырыбындағы көрменің салтанатты ашылуы болды. Оған б.э.д. 100 мың жыл мен б.э.д. ХІІ ғасырларға тиесілі тарихи жәдігерлер қойылды. Бұл құнды дүниелердің барлығы институттың археологиялық жасағы жүргізген қазба жұмыстары кезінде табылған.