«Ұлы Дала Елінің шеберлері» атты жас суретшілер мен қолөнер шеберлері байқауының ЕРЕЖЕСІ

17.11.16

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыруымен

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған  «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты ІІІ дәстүрлі  7 мерекелік байқау аясында өтетін

«Ұлы Дала Елінің шеберлері» атты  жас суретшілер мен қолөнер шеберлері байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

Конкурстың  мақсаты:

  • жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу;
  • жас талант иелерін анықтау;
  • дарынды жастарға қолдау көрсету.

Конкурстың  жанрлық сипаттары:

Конкурс  төмендегі сала бойынша үміткерлерді қабылдайды:

            Конкурсқа қатысушылар жас суретшілер және  қолөнер шеберлері  

            бұйымдарының көрмесі.

  • Кескіндеме; (қағаз, кенеп  50х70, материалдар таңдау бойынша)
  • Қолөнері ( апликация, коллаж, жүн, мата, жіп, ағаш және былғары  материалдары таңдау бойынша)

Конкурстың  талаптары:

            1. Конкурс  2016 жылы 22-ші қараша күні сағат 11.00 де Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 112-дәрісханасында өткізіледі. (Шымкент қ, А.Байтұрсынов көшесі, 13)

            2.   Конкурсқа қатысу құжатары  2016 жылы 19 қарашаға дейін қабылданады.

            3. Конкурс ОҚМПИ тарапынан ұйымдастырушылары жасаған ереже бойынша өткізіледі.

            4. Конкурсқа жоғары оқу орындары және колледж суденттері қатыса алады.

            5. Конкурста әр студент өзі таңдаған өнер саласы бойынша «Ұлы Дала Елінің шеберлері» тақырыбында бір шығармадан орындайды.

             Конкурстың сый-сияпаттары:

  Бас жүлде (әр жанр бойынша) – біреу

  І орын (әр жанр бойынша) – біреу

  ІІ орын (әр жанр бойынша) – біреу

  ІІІ орын (әр жанр бойынша) – біреу

  Дипломаттар – бесеу

            Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Конкурстың қаржылық мәселелері:

            Конкурстың ұйымдастыру шараларының барлық қажетті құралдар қатысушылар  тарапынан шешіледі.

            Конкурсқа қатысушылардың жол шығыны, тамақтану, қонақжайы жіберуші немесе қатысушы тарапынан жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжат:

            1. Қатысушының өтініші

            2. Орындайтын бағдарламасы

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады:

160000, Шымкент қаласы,

А.Байтұрсынов көшесі, 13

ОҚМПИ, Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасы

Тел.: 8-701-403-48-09, 8-771-314-85-67, aidai_67_13@mail.ru

Тел.: 8-775-459-77-90, 8-701-403-48-09,  Gulnar_105@mail.ru