МЕРЕКЕЛІК БАЙҚАУ

16.11.16

МЕРЕКЕЛІК БАЙҚАУ

1 желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті күніне орай ОҚМПИ "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" атты мерекелік 7 байқау жариялайды.

1. 21 желтоқсан күні "Ұлы дала Елінің тарихи белестері" тақырыбындағы жас суретшілердің облыстық байқауы;

2. 22 желтоқсан күні "Ұлы Дала Елінің шеберлері"  қолөнер бұйымдарының облыстық байқауы;

3. 23 желтоқсан күні "Ұлы істердің ұйытқысы-Ұлы Дала Елі" деген атпен ақындар мүшәйрасы;

4. 23-24 желтоқсан "Ұлы Дала Елінің әндері" жас орындаушылар мен кеш жүргізушілердің байқауы;

5. 25 желтоқсан "Елбасы салаған ұлы жол-Ел Тәуелсіздігіне 25 жыл" тақырыбында ақындар айтысы;

6. 25-26 желтоқсан "Елбасы бізге өнеге: спорт - жан саулығы" деген бастамамен волейбол мен баскетболдан жарыс, шахматтан блиц турнир;

7. 29 желтоқсан "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы"  тақырыбымен мерекелік байқаулардың қорытындысы бойынша марапаттау, гала концерт өтеді. Дәстүрлі байқау оқу ордасында осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Ұймдастыру алқасы  байқауға  қатысамын деген талапкерлердің өтінішін 2016 жылдың 18 қарашасы сағат 17.00-ге дейін қабылдайды. Өтінішті okmpi_tarbye@mail.ru электронды поштасына жолдау  қажет. Байқау шарттары институттың рttp//okmpi_kz сайтында жарияланады.