Оңтүстіктің ежелгі дәуірі суретшілер көзімен

16.11.16

Оңтүстіктің ежелгі дәуірі суретшілер көзімен

Шымкент қаласында "Ұлы дала еліне тағзым" деген атпен  оқытушы-суретшілердің халықаралық симпозиумы өтті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне арналаған бұл шараны өткізуге ОҚМПИ ұйытқы болды. Симпозиумға Түркия, Қытай секілді әлемнің 15 елінен суретшілері қатысты. Олар көпшілікке өздерімен бірге ала келген үздік жұмыстарын көрсетті.  Сондай-ақ шара аясында оқу ордасындағы бейнелеу өнері кафедрасының оқытушылары және докторанттарымен бірге Түркістан шаһарында табиғат аясына саяхат ұйымдастырылды. Суретшілер Қожа Ахмет Ясауи, Арыстанбаб мавзолейі мен Сауран, Отырар секілді көне қалашықтарды түрлі боямен кенеп бетіне бедерледі. Олардың әрқайсысы осы шығармалары арқылы Қазақстан табиғатының таңғажайыптары мен терең тарихын көрсетуге тырысып бақты. Симпозиум жұмысы Шымкенттегі бейнелеу өнері мұражайында қорытындыланды.  Үздік жұмысымен танылған суретшілер арнайы марапатқа ие болды.