Үздіктер алда келеді    

14.11.16

Үздіктер алда келеді                                  

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында «Туған жерім – тірегім» атты жастар арасында облыстық патриоттық әндер байқауы өткізілді. Оған оқу орнымыздан қатысқан Филология факультетінің 4-курс студенті Әйгерім Тәжі «Отырар ауданы әкімінің арнайы жүлдесіне» ие болды. Қаржылай сыйлық – 100 000 теңге. Ал Жаңа технология және өнер факультетінің 4-курс студенті Алмасқожа Мұзаппаров 1-орынды қанжығасына байлады. Қаржылай сыйлық – 100 000 теңге.  Жаңа технология және өнер факультетінің 4-курс студенті Дәуіт Баратов үздік өнер көрсеткені үшін арнайы дипломмен марапатталды.