ОБЛЫСТЫҚ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ

10.11.16

«БЕКІТЕМІН»

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

педагогикалық институтының

     тәрбие істері жөніндегі проректоры

_______________А.М.Байғұтова

«__»  _____________ 2016ж.

 

ОБЛЫСТЫҚ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 23 қарашасында өткізілетін  «Ұлы істердің ұйытқысы – Ұлы Дала Елі»  атты жастар арасындағы облыстық  жазба ақындар мүшәйрасының                   

Е Р Е Ж Е С І

  1. Мүшәйраның мақсаттары:
  • Тәуелсіз еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлт мүддесі жолындағы ересен еңбектерін, сарабдал саясатын жарқырата көрсету;
  • Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ұлы Даламыздың тарихын, әдебиетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қастерлей отырып, жастардың рухани дәрежесі мен талғамын дамыту;
  • Жастардың бойындағы отансүйгіштік қасиетті арттырып, туған даласына, туған тіліне, өз ұлтының рухани қазыналарына деген көзқарастары мен сүйіспеншіліктерін қалыптастыру;
  • Шарттар мен талаптар арқылы оларға табиғат сыйлаған ақындық дарын-қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік жасау;
  • Егеменді еліміздің жастарын биік адамгершілікке, жеке тұлға етіп қалыптастыруға, ұлтжандылыққа, туған елінің өткенін қастерлей білуге, болашағын бағамдай алуға тәрбиелеу;
  1. Мүшәйраның шарттары мен талаптары:

Мүшәйраға қатысушы талапкер берілген тақырыптарға сай бұрын баспасөз беттерінде  жарияланбаған, бұған дейін  байқауға жіберілмеген  авторлық өлеңдерін ұсынады.

Мүшәйраға 15-25 жас аралығындағы ақындар қатыса алады.

Авторлар өлеңдерінің бір данасын электронды түрде СD-дискіге немесе флешкаға жазады. Екінші данасын А4 форматтағы параққа жазып, электронды нұсқамен бірге  үлкен конвертке салады.

Автор өзі туралы толық мәлімет, байланыс нөмірлерін көрсете отырып, мүшәйраға қатысу туралы сұраныс жолдайды.

Мүшәйраға қатысу үшін жолданған құжаттар кері қайтарылмайды. Ұйымдастыру алқасының авторлардың өлеңдерін БАҚ беттеріне, жинаққа жариялауға құқығы бар.

Өлеңдер мен өтініштер 2016 жылдың 20-қарашасына дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Филология және тарих факультеті, Қазақ және әлем әдебиеті кафедрасында қабылданады.

Қатысушылар өлеңдерін мына мекенжайға  жіберуі керек: Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, №13 үй, индекс 160042;

Мүшәйраның өтетін орны: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Бас ғимарат, 317 дәрісхана.

Өту мерзімі: 23.11.2016ж., сағ. 15:00

Байланыс телефондары: 8 (7252) 21-40-06; 8701-424-31-14; 8702-249-58-55, +7702-824-99-01. E-mail: syr-sandyk-birlestik@mail.ru

  1. Жеңімпаздарды марапаттау:
  • Мүшәйраның жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен, алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
  • Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік педагогикалық институтының үлкен мәжіліс залында өтеді.
  • Мүшәйраның жеңімпаздары туралы хабарлама Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институт сайтында www.okmpi.kz және БАҚ-та жарияланады.

Мәлімет

  • Мүшәйраға қатысушы жастардың толық аты-жөні, оқу орны немесе жұмыс орны, туған жылы, айы, күні
  • Мекенжайы, байланыс телефондары

Байқаудың ұйымдастырушылары — Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Филология және тарих факультеті, Қазақ және әлем әдебиеті кафедрасы жанынан ашылған «Сыр сандық» әдебиет және өнер бірлестігі.

Мүшәйра тақырыптары:

  1. «Ұлы істердің ұйытқысы – Ұлы Дала Елі» тақырыбында 1 өлең;
  2. Еркін тақырыпта 1 өлең.