Облыстық «Ұлы Дала Елі әндері»

10.11.16

«Бекітемін» 

Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік педагогикалық  институтының 

тәрбие істері жөніндегі проректоры                                              

__________  А.Байғұтова                              

 

 

Облыстық «Ұлы Дала Елі әндері»

жас орындаушылар мен мәдени іс-шара жүргізушілері байқауының

ЕРЕЖЕСІ

    Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты ректораты, Жаңа технология және өнер факультеті және Мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты ІІІ дәстүрлі 7 мерекелік байқау аясында облыстық «Ұлы Дала Елі әндері» жас орындаушылар мен мәдени іс-шара жүргізушілерінің байқауы 2016 жылғы 23-24 қараша күндері ОҚМПИ-дің үлкен мәжіліс залында өтеді.

1. Байқаудың мақсаты

    Жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу және эстрадалық ән орындау өнерін дамыту, патриоттық тақырыптағы жаңа эстрадалық әндерді халық арасында кеңінен насихаттау, жас талант иелерін және облыстағы мәдени іс-шара жүргізушілерін анықтау.

2. Байқаудың шарттары мен талаптары

Әншілер үшін:

    І.

  • Байқауға алдын-ала іріктеуден өткен жоғарғы, арнаулы оқу орындарының тиісті жолдамасымен үміткерлер қатыса алады;
  • Үміткерлердің жасы 16 мен 25 жас аралығында болуы тиіс;
  • Байқауда 2 ән орындалады;
  • Байқау 2 кезеңнен тұрады:

І кезеңде – патриоттық тақырыптағы әндер орындалуы шарт;

ІІ кезеңде – үміткердің өз таңдауы бойынша еркін тақырыптағы ән орындалады.

ІІ.

Үміткерлер әндерін (минусовка, минидиск) арнайы жазылған фонограмма және вокалдық аспаптар ансамбльінің сүйемелдеуімен жанды дауыста орындайды. Байқауға топтар (дуэт, трио, квартет, квинтет) қатыса алады.

      Жүлделі орындарды анықтау барысында қазылар алқасы үміткерлердің орындау шеберлігіне, дауыс диапазонына, әннің байқау шартына сәйкестігіне, музыкалық өңдеуіне, ән мәтінінің мазмұндылығына, орындаушылардың сахна мәдениеті мен киім үлгілеріне, музыкалық сүймелдеудің (фонограмма) жазылу сапасына назар аударады.

Ескерту: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-1 «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңына сәйкес дайын фонограмма қолданылса, автордың рұқсат қағазы талап етіледі. Егер де қатысушылар тарапынан авторлық құқық бұзылған жағдайда ұйымдастыру алқасы жауап бермейді. 

Мәдени іс-шара жүргізушілер үшін:

  1. Байқауға алдын-ала іріктеуден өткен арнаулы оқу орындарының тиісті жолдамасымен үміткерлер қатыса алады.

ІІ. Үміткерлердің жасы 16 мен 25 аралығында болуы тиіс.

      Іріктеу кезеңі қатысатын үміткерлерге берілетін тапсырмалар:

  • «Тіл мәдениеті» тапсырмасы (белгілі жазушы, ақын, драматургтардың шығармаларынан үзінділер, монолог, әзіл әңгілемелер, өлеңдер оқу. Берілетін уақыт 3 минут);
  • Ситуациялық сұраққа жауап беру (Берілетін уақыт 2 минут);
  • «Үй тапсырмасы» (өзінің қалауы бойынша алдын-ала дайындаған түрлі іс-шаралар, байқау, фестивальдардың сценариі бойынша жүргізуі. Берілетін уақыт 3 минут).

ІІІ. Жүлделі орындарды анықтау барысында қазылар алқасы үміткердің сахна тілін, көркемсөз оқу шеберлігін, көрермендермен жұмыс жасау қабілетін, ресми (орыс, ағылшын) тілдерін меңгергендігіне, сахна мәдениеті мен киім үлгілеріне назар аударады.

3. Қазылар алқасы

         Қазылар алқасының құрамында ҚР Мәдениет қайраткерлері және ОҚМПИ-дің ұстаздары төрелік етеді. Қазылар алқасының шешімімен ынталандыру сыйлықтары беріледі. Қазылар алқасы үміткердің өнерін бағалау кезінде байқаудың ережесіне сай келмесе, қатысушы өнерпаздарды тоқтатуға және белгіленген жүлделі орындарды өзгертуге немесе үміткерлер арасында бөлуге құқылы.

4. Жеңімпаздарды марапаттау

         Байқау жеңімпаздарына төмендегідей жүлделі орындар белгіленген:

Әншілер үшін:

Бас жүлде          (біреу)

Бірінші орын       (біреу)

Екінші орын        (біреу)

Үшінші орын       (біреу)

Арнайы сыйлықтар:

  1. «Ұлы Дала Елі әндері-2016 аруы» жүлдесі
  2. «Көрермен көзайымы» жүлдесі

Іс-шара жүргізушілер үшін:

Бас жүлде          (біреу)

Бірінші орын       (біреу)

Екінші орын        (біреу)

Үшінші орын       (біреу)

Арнайы сыйлықтар:

  1. «Шешен – сөздің шебері» жүлдесі (ресми тілдерді жақсы меңгерген)
  2. «Көрермен көзайымы» жүлдесі

    Ұйымдастыру алқасы облыстық «Ұлы Дала Елі әндері» жас орындаушылар мен мәдени іс-шара жүргізушілері байқауына өтінімді 2016 жылғы 21 қарашаға дейін қабылдайды. Іріктеу кезеңінің өту мерзімі: Байқаудың іріктеу кезеңі 23.11.2016 ж. сағ. 11.00-де ОҚМПИ, үлкен мәжіліс залында өтеді.

    Байқауға қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:

  • тиісті мекемелердің жолдамасы;
  • 13×18 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреті;
  • байқауға ұсынылатын әндердің бағдарламасы, авторы;
  • жеке куәлігінің көшірмесі;

Барлық құжаттар мына мекенжайда қабылданады:

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты (ОҚМПИ)

Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесі 13А, Бас ғимарат, 324-кабинет.

Байланыс сымтетігі: 8 778 501 71 11

Электрондық пошта: khadisha_okmpi@mail.ru

5. Байқауды ұйымдастырушылар

1) Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты ректораты;

2) Жаңа технология және өнер факультеті;

3) Мәдениет бөлімі.

ЕСКЕРТУ: Өткен жылдары өткізілген облыстық «Ұлы Дала Елі әндері» жас орындаушылар мен мәдени іс-шара жүргізушілер байқауының және облыстық, республикалық байқаудың лауреаттары байқауға жіберілмейді.