үш тілде білім беру секторы

Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ елімізде тіл саясаты Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда.

Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдауларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне көңіл бөлген болатын.

Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақ пен  жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.

Мемлекет басшысы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын.

Еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруге және Болон бастамасының мүмкіндігін жоғарылату, академиялық ұтқырлық пен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін ЖОО-да көптілді білім беру жүйесін құру білім беру саласының бәсекеге қабілетті факторларының бірі болып табылады.

«ҚР білім беруді дамытудың  2015 жылға дейінгі консепциясына» сай Оңтүстік Қазақстан    мемлекеттік  педагогикалық институтының Ғылыми Кеңесінің шешімі (ҒК №3     28.12.12ж) негізінде көптілді білім беру жүйесі 2012-2013 оқу жылынан бастап қолға алынды. 2016 жылдың қыркүйек айынды оқу- әдістемелік бөлімінен үш тілде білім беру секторы ашылды.