Жастарға үлгі болған талант

27.10.16

             Жастарға үлгі болған талант

 Нұржамал консерваторияның 5 курсында оқып жүргенде Қыз Жібектің рөлін сомдады. Сол қойылымнан кейін жазушы Ғабит Мүсірепов маңдайынан сүйіп «Міне, менің Қыз Жібегім дәл осындай болуы тиіс» деген. Қымбатты жастар! Өмірде зор жетістікке жету үшін үлкен қалада, мәдени ошақтың ордасында дүниеге келу шарт емес. Бойыңдағы талантты бағалау қажет. Бағым жансын деген әр жас арманына үлкен құштарлықпен талпынуы тиіс. Армандау керек және сол арманға жету жолында аянбай еңбек ету керек, – деді О. Аяшев.

Екі сағатқа созылған кездесуде ОҚМПИ жастары Қазақ академиялық опера және балет театрының соло-әншісі Н. Үсенбаеваның өнерін тамашап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

«Бүгінгінің Қыз Жібегінен» ОҚМПИ қошеметін аямады. Айтыскер ақындар жұлдызы жанған қазақтың ерке, дара қызына арнап жырдан шашу шашса, оқу орнының ректорыО. Аяшев «ОҚМПИ профессоры» атағын құрметпен тапсырды.

– Бұл кездесу маған керемет әсер қалдырды. Опера әншісі ретінде осынша тыңдарманым барын білмеппін. Алдағы уақытта туған жерге жиі келетін боламын, – деді Н. Үсенбаева.

              «Шымкент келбеті»