Ақпараттық хат

26.10.16

Ақпараттық хат

        ШЖҚ РМК «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты» ШЖҚРМК-ның Байқау кеңесінің (БК) №1 мәжілісінің 2016 жылдың 28 қазан күні өтетіндігі туралы хабарлаймыз.

        БК мүшелерін тіркеу уақыты: 11.30-да

        Мәжілістің басталуы: 12.00-де.

         Өткізілетін орын: Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі №13, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Бас ғимараты, 2-қабат, «Назарбаев» орталығы.

 

Күн тәртібі

1. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Байқау кеңесінің төрағасын сайлау туралы.

          Институт ректоры О.Аяшев.

2. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Байқау кеңесінің хатшысын тағайындау туралы.

          Институт ректоры О.Аяшев.

3. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты Байқау кеңесінің 2016-2017 ж.ж. арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

         Байқау кеңесінің төрағасы.

4. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының даму жағдайы мен болашағы.

         Институт ректоры О.Аяшев.

5. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 2016 жылға арналған даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және 2017-2021 жылдарға арналған Даму жоспарын бекіту туралы.

Байқау кеңесінің төрағасы.