Армысың, Астана!

19.10.16

Армысың, Астана!

        Елордамыз Астанада Оңтүстік Қазақстан облысының күндері айырықша сән-салтанатпен өтті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шараға ОҚМПИ-ның ұжымы да белсене ат салысты. Олар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің сахнасында "Армысың, Астана!" деп аталатын концерттік бағдарламасын көпшілік назарына ұсынды.

      ОҚМПИ ның ректоры Оңалбай Аяшев құттықтау сөзінен соң айтыскер ақындар Біржан Байтуов пен Дәурен Ақсақалов арнау айтып, жырдан шашу шашты. Айман Қарсыбаев пен Еркебұлан Сәбит қобыз сарнымен сахананы сазды әуенге бөледі.