Иманбаев Нұрлан Сайрамұлы

- 07.10. 1966 ж. ОҚО, Сарыағаш ауданы, Жамбыл колхозында туылған.

- 1973-1983 ж.ж. Сарыағаш ауданындағы  Жамбыл атындағы орта мектепті бітірген.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

-1983-1990 ж.ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің математика факультетінің математикалық анализ кафедрасының түлегі.

-1984-1986 ж.ж. Кеңес Әскері қатарында азаматтық борышын атқарған.

-1993-1996 ж.ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің математикалық анализ кафедрасында аспирантураны бітірген.

-1997ж. 14 мамырда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жанындағы

К 14А/01.05 мамандандырылған диссертациялық кеңесте 01.01.02-дифференциалдық теңдеулер мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған "Коши-Риман дифференциалдық теңдеуінің жуық шешімдері және меншікті мәндерін анықтау" тақырыбындағы диссертациясын қорғаған.

-2002 ж. 17 сәуірде ҚР ЖАК шешімімен 01.01.00-математика мамандығы

бойынша доцент ғылыми атағын алған.

-2014 ж. 9 сәуірде ҚР БжҒ саласындағы бақылау комитетінің шешімімен 01.01.00-математика мамандығы бойынша профессор (FULL PROFESSOR) ғылыми атағын алған.

-2015 ж. 17 ақпанда Алматы менеджмент университетінің тағайындауымен ғылымдағы «Академиялық адалдығы үшін» дипломы және кубогымен марапатталған.

7 профессоров Казахстана удостоены награды «За Академическую Честность»

17 февраля 2015 года в Almaty Management University (Alma University), ранее МАБ, прошло чествование семи казахстанских профессоров, удостоенных награды «За Академическую Честность», учрежденной Alma University. 

***Награды удостаиваются ученые Казахстана, получившие звание Профессора в соответствии с Правилами присвоения ученых званий (приказ МОН РК от 31.03.11), в том числе: «опубликовавшие не менее 3 статей в международных научных журналах, имеющих по данным информационной базы Томпсон Рейтер ненулевой импакт-фактор». К сожалению, были факты публикации казахстанскими учеными научных работ в так называемых «фейковых» журналах, не входящих в утвержденный список.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

-1990-1991ж.ж. Қазақ химия-технологиялық институтының Жоғары математика кафедрасында оқытушы. (Шымкент).

-1991-1992ж.ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің математикалық анализ кафедрасында стажер-зерттеуші.(Алматы).

-1992-1993ж.ж. ОҚО, Сарыағаш ауданындағы М.Горький, Ю.Гагарин атындағы орта мектептерде математика пәнінің мұғалімі.

-1996-1999ж.ж. Республикалық О.Жәутіков атындағы физика-математикалық арнайы мектеп-интернатында (Алматы), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің математика факультетінде аға оқытушы  (Алматы).

-1999-2016ж.ж. Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институтының Жоғары математика кафедрасында аға оқытушы, доцент, декан орынбасары (оқу ісі және ғылым жөніндегі), университет профессоры, 2004-2007 ж.ж. Жоғары математика кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. (Шымкент) және Түркістандағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің математика кафедрасының профессоры.

2016 – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика кафедрасының профессоры. (Шымкент).

Негізгі ғылыми еңбектері:

Томсон Рейтер деректер қорында - 10, Скопус деректер қорында - 15, РИНЦ деректер қорында - 4, ЖАК тізіміндегі журналдарда 40, жалпы 100-ден аса мақалалары,

3-оқу құралы, Германияда 2-монографиясы жарыққа шыққан. Томсон Рейтер деректер қорындағы Хирш индексі h=2. Скопус деректер қорындағы Хирш индексі h=3. Импакт -факторлары барлық мақалаларында – 0,415 , 0,86.

  • M.A. Sadubekov and N.S. Imanbaev On the Basis Property of Root Functions of a Periodic Problem with an integral Perturbation of the Boundary Condition// Differential Equations. June 2012. Volume 48. Issue 6. pp 896-900.
  • N.S. Imanbaev On Stability of Basis Property of Root Vectors System of the Sturm-Liouville Operator with an Integral Perturbation of Conditions in Nonstrongly Regular Samarskii-Ionkin Type Problems// International Journal of Differential Equations. Volume 2015, Article ID 641481, 6 pages. http://dx.doi.org/10.1155/2015/641481.
  • N.S. Imanbaev Stability of the Basis Property of Eigenvalue Systems of Sturm-Liouville Operators With Integral Boundary Condition// Electronic Journal of Differential Equations, Vol. 2016 (2016), No.87. pp. 1-8. ISSN:1072-6691.
  • N.S. Imanbaev, B.E. Kanguzhin and B.T. Kalimbetov On zeros of the characteristic determinant of the spectral problem for a third-order differential operator on a segment with nonlocal boundary conditions// Advances in Difference Equations. 18 april 2013, 2013:110. 5 pages.
  • M.A. Sadubekov, N.S. Imanbaev  A Regular Differential Operator with Perturbed Boundary Condition// Mathematical Notes, 101:5 (2017), 768-778. DOI: http://dx.doi.org/10.4213/mzm11468

12-математика магистрлерін қорғатқан.

5-кандидаттық диссертацияларға ресми оппонент (ОҚМУ, Шымкент, 2001-2004 ж.ж.),

1-Ph.D диссертацияға ресми рецензент (Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Алматы, 10.02.2017 ж.)

М. Әуезов атындағы ОҚМУ жанындағы К.14.29.13 мамандандырылған диссертациялық кеңестің 2000-2004 ж.ж. мүшесі болған.

Алматыдағы ҚР БжҒ Министрлігінің Математика және математикалық модельдеу институтындағы 2015-2017 ж.ж. 0825/ГФ4 жеңіп алған ғылыми жобаның жетекшісі.