ХАБАРЛАНДЫРУ

21.10.15

Академиялық ұтқырлық бөлімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің Болон үрдісі және Академиялық ұтқырлық орталығына берілген тапсырысқа байланысты Еуроодаққа мүше шетелдерге академиялық ұтқырлық бағытында оқуға жіберуге студенттерді іріктеу жұмысы басталғандығын хабарлайды. Факультет декандары мен кафедра мүшелерінің студенттердің арасынан лайықты кандидатураларды таңдап, қажетті құжаттарды АҰ бөліміне тапсырулары тиіс. Байланыс телефондары: + 7 777 360 96 80.