​Құлаққағыс: ОҚМПИ-да ғылыми баяндамалар сайысы өтеді

12.10.16

Құлаққағыс: ОҚМПИ-да ғылыми баяндамалар сайысы өтеді

ОҚМПИ-да G–GLOBAL платформасы аясында – «ЭКСПО-ның қоғамдық қозғалыстағы мәні мен мазмұны» тақырыбында ғылыми баяндамалар сайысы өткізіледі. Оған биология мамандығы бойынша білім алып жатқан 1-4 курс студенттері қатыса алады. Сайыс 2016 жылдың қазан айы мен 2017 жылдың наурызы аралығында ұйымдастырылады. Жеңімпаздар G–GLOBAL платформасындағы ең көп комментарий мен лайк басылған баяндамалар бойынша анықталады. Жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар мен диплом табыс етіледі.