АРЗЫМБЕТОВА ШОЛПАН

АРЗЫМБЕТОВА ШОЛПАН

педагогика ғылымдарының кандидаты

     Арзымбетова Шолпан Жақсылыққызы  1973 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Әңгір-Ата ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Төлеби ауданы, «Абай» орта мектебіне барып, 1990 жылы Шымкент қаласындағы №7 Қ.Сыпатаев атындағы орта мектебін алтын медальмен бітірген. 1990-1995 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығын үздік бітірген.

1995-2009 ж.ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасында оқытушы, аға оқытушысы, доцент қызметтерін атқарған.

1999 жылы М.Дулати атындағы ТМУ-де 13.00.01 – мамандығы бойынша  «Роль школы, семьи и внешкольных учреждений  в экологическом воспитании младших школьников в работе по месту жительства (на материале Южно-Казахстанской области)» деген  тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады.

2001-2009 жылдары ҚР Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің бұйрығымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың диссертациялық кеңесінде ғалым хатшы қызметін атқарған. 2003-2005 жылдары «Жас ғалым» президенттік стипендиясының иегері болған.

2005-2008 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасының докторантурасында «Теоретические и методологические основы формирования экологической культуры школьников с использованием инновационных технологий в процессе внекласной деятельности» тақырыбында докторлық диссертация жұмысын жалғастырды. 125 ғылыми еңбектері жарияланған. Ш.Арзымбетованың Ғылыми жетекшілігімен 2 ғылым кандидаты, 9  магистрлік диссертациялар қорғалған.

2009 жылдың қазан айында  ОҚО «Ынтымақ»  этносаралық мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің» ұйымдастыруымен  «Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу» тақырыбында жасаған ғылыми жобасы үшін «Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу бойынша ұйымдастырушылық – практикалық «Жас қайраты - елімнің» тренингі сертификатымен марапатталған. 2009 жылы М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ–ның гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.

2010 жылы ҚР БжҒМ №990 куәлігімен «Ыбырай  Алтынсарин» төс белгісімен марапатталған.

2012 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика және психология  факультетінің деканы қызметін атқарған. Қазіргі таңда «Педагогика»