"МӘҢГІЛІК ЕЛ" ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР ФЕСТИВАЛІ

20.10.15

2015 жылы еліміз үшін маңызы зор атаулы оқиғалар тізбегі - Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ата заңымыздың 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мерекелері тойланады. Аталған мерейлі мерекелерді атап өту мақсатында, облыс әкімі А.Мырзахметовтың тапсырмасына сәйкес, облыстық білім жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен облыс жастарының қатысуымен ағымдағы жылдың 4 сәуірі 16:00-де Шымкент қаласы "Абай" саябағында "Мәңгілік ел" патриоттық әндер фестивалі өткізіледі.