Ұстазға-мың алғыс

06.10.16

Ұстазға-мың алғыс

         Қазақстандық танымал әнші Алтынбек Тәшімбетов кезінде өзі білім алған, үлкен өмірге жолдама берген алтын ұя білім ордасы - ОҚМПИ-да болды.  Көптен бері жоспарлаған бұл сапары биылғы мұғалімдер күні мерекесімен тұспа тұс келгендіктен ол ұстаздар қауымы мен бірінші курс студенттеріне "Ұстазға-мың алғыс" деп аталатын концерттік бағдарламасын тарту етті. Саханада әнші қалың тыңдарманның талғамынан шыққан хит әндерімен қоса жаңа жазылған әндерін де шырқады.  

        Аз кем тыныстаған тұста Алтынбек ең алғаш сахнада ән шырқаған шағын  көпке әңгімелеп берді. Студенттік көңілді тапқырлар клубы сапындағы бастан өткізген қызықты хикаяларын еске алды. Сондай-ақ институтта өткізілген "Жігіт сұлтаны" байқауында бас жүлдегер атанған сәтіндегі әсерімен бөлісті.

        Институт проректоры Баршагүл Исабек өнерпазбен болған кездесуді қорытындылай келіп, Алтынбектің шығармашылығына табыс тіледі. Ұстаздарға көрсеткен ізет-құрметі үшін алғыс білдірді.