ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ

20.10.15

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ

АҚПАРАТТЫҚ  ХАТ

Құрметті студенттер, жас ғалымдар және оқушылар!

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты 2015 жылдың 3-4 сәуірінде өтетін  жаратылыстану, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша жас ғалымдар мен студенттердің «Нұрлы жол» даму бағдарламасы: Жастар және ғылым» атты студенттердің дәстүрлі ІV ғылыми-тәжірибелік  конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Конференцияның жұмыс тілдері:  қазақ, орыс және ағылшын тілдері 

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

1. Педагогика және психология ғылымдары

2. Филология ғылымдары

3. Жаратылыстану және қолданбалы ғылымдар

4. Әлеуметтік-қоғамдық ғылымдар (тарих, география, құқықтану)

5. Өнер және мәдениеттану (бейнелеу өнері, кәсіптік білім және музыка)

Студенттер мен жас ғалымдарға арналған конференция жинағында жариялауға ұсынатын баяндама тезистеріне қойылатын талаптар:

1. Баяндама мәтіні Microsoft Word редакторында терілуі тиіс;

2. Шеттік: сол жағы – 3 см, қалғандары – 2 см

3. Шрифт өлшемі:

Баяндама мәтіні – 14 п.,

Формулалар, кесте, сызбалар – 12 п.,

Әдебиеттер тізімі – 12 п.

4. Шрифт түрі: TIMES NEW ROMAN

5. Жоларалық қашықтық – 1, жаңа жол бойынша шегініс – 1 см

6. Материал төмендегідей тәртіппен орналасады: бірінші жолда ӘОЖ көрсетіледі, бір жол төмен – бас әріптермен баяндама тақырыбы (қою қаріппен), бір жол төмен –студенттің, оқушының тегі және аты-жөні, оқу тобы, бір жол төмен – ғылыми жетекшісінің аты-жөні, тегі және ғылыми дәрежесі мен атағы,  мекеме, қала және ел атауы беріледі (үлгісі қосымша тіркелген):