ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ТӘУЕЛСІЗДІК МҰРАТЫ

30.09.16

ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ТӘУЕЛСІЗДІК МҰРАТЫ

       2016 жылы 11 қарашасында  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына арналып,  «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – ТӘУЕЛСІЗДІК МҰРАТЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

       Конференция жұмысына қатысуға Қазақтың тарихымен, Ұлы даланың ардақты перзенттерін насихаттаумен, қазақтың ұлт-азаттық күрестерінің тарихынан жаңа деректерді талдаумен, Алаш қайраткерлерінің еңбектерін зерттеумен және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихымен айналысып жүрген, Тәуелсіздік құндылықтары мен Мәңгілік Ел болу идеясын ұрпақтар санасына сіңдіре білген тарих, әдебиет, саясаттану, мәдениет, тіл, педагогика және психология мамандарымен қатар басқа да зиялы қауым өкілдерін шақырамыз.