2016 жылдың жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына және мемлекеттік ғылыми стипендиясына ізденіс конкурсын жариялау туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2016 жылдың жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс конку

28.09.16

2016 жылдың жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына және мемлекеттік ғылыми стипендиясына ізденіс конкурсын жариялау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2016 жылдың жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс конкурсын жариялайды:

- жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы бір сыйлық;

- гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш.Уәлиханов атындағы бір сыйлық;

- педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшiн Ы.Алтынсарин атындағы бір сыйлық;

- түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;

- жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы бір сыйлық;

- гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлық;

- 75 мемлекеттік ғылыми стипендияны оның ішінде 50-і талантты жас ғалымдарға арналғанжұмыстарды қабылдауды басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурсты өткізу туралы хабарландыру 2016 жылғы 14 қыркүйектегі №175 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.

ҚР БҒМ Ғылым комитеті қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген құжаттар мен материалдарды конкурс жарияланған күннен бастап 30 күн ішінде (авторлардың өздерінен немесе сенім білдірген тұлғаларынан) Астана қаласы, «Министрліктер Үйі», 11-кіреберіс, 1045 бөлмеде қабылдайды. Қойылған талаптарға сай емес рәсімделген құжаттар мен материалдар қабылданбайды. Аңықтама телефоны: 8(7172)742029. Негіздеме: 2011 жыл 19 шілде №830 «Ғылым саласындағы сыйлығы мен мемлекеттік ғылыми стипендиясы туралы» Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысы.