Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру бойынша конкурстың өткізілуі туралы хабарландыру

28.09.16

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру бойынша конкурстың өткізілуі туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» ММ атынан, Оператор – «Ғылым қоры» АҚ, 2016 жылға ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нəтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру туралы конкурстың өткізілетінін хабарлайды.

Жалпы қаржыландыру көлемі 1 000 000 000 (бір миллиард) теңгеге дейін. Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ Ғылым комитетінің сайтында: sc.edu.gov.kz орналастырылған. Конкурстық құжаттаманы түсіндіру жəне өтінімді беру туралы сұрақтар бойынша кеңесті келесі телефон бойынша алуға болады: 8 (7172) 20-11-92, 26-63-59. Конкурстық құжаттаманы түсіндіру жəне өтінімді беру туралы сұрақтар бойынша кеңес беру туралы жауапты тұлға «Ғылым қоры» АҚ-ның вице-президенті Жұмағалиев Б.М. Өтінімдер 2016 жылдың 14 қыркүйегінен бастап 2016 жылғы 14 қазанға дейін қабылданады. Конкурстық өтінімдер келесі мекенжайда қабылданады: 010000, Астана қ., Республика даңғылы, 24, 5-қабат, 501-кабинет, «Ғылым қоры» АҚ, жұмыс күндері Астана уақытымен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30- ға дейін)