Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының логотипі

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: КОНКУРС!

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректораты Шымкент педагогикалық институты негізінде қайта құрылған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының логотипіне конкурс жариялайды.

Жүлде қоры: 0,5 млн теңге.

Конкурс құжаттарын қабылдау okmpi_logotip@mail.ru арқылы жүргізіледі.

2016 жылғы 27 қазанда сағат 18.00-де логотиптерді қабылдау тоқтатылады. 

Қажетті сұрақтар бойынша келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 725 2 21 40 05, 8 702 316 42 27    

Конкурс материалдарын ұсыну талаптарының толық нұсқасымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ресми  www.okmpi.kz  веб-ресурсынан танысасыздар.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: КОНКУРС!

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының логотипі конкурсының

ЕРЕЖЕСІ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректораты Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының логотипін әзірлеу бойынша конкурс жариялайды. Жүлде қоры: 0,5 млн теңге.

1. Конкурс материалдарын ұсынудың талаптары мен тәртібі.

1.1. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының
логотипінде оқу орнының құрылған уақытымен үндес келетін элементтер мен нышандар көрініс табуы керек.

1.2. Логотипте Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының құрылу тарихы мен оның бүгінгі атқарып отырған қызметі – болашақ ұстаздар даярлайтын іргелі жоғары оқу орны екендігін қамтып көрсетілуі тиіс. 

1.3. Логотип жоғары көркем деңгейде, ерекше, түсінікті және кең ауқымды дәрежеде орындалуы керек.

1.4. Логотиптің негізгі графикалық элементтері кез-келген ықтимал көлемде көрсету кезінде бірдей жақсы қабылданып, мәнін жоғалтпауы қажет.

1.5. Логотиптің негізгі графикалық элементтері айырып тану сипатын жоғалтпастан, кез-келген нұсқамен (қағаз және картон, пластик, әйнек, темір т.б.) көрсетуге және түсірудің кез-келген тәсілінде жарамды болуы қажет. 

1.6. Конкурсқа Логотипті толығымен аяқтап, ешқандай қосымша түзетусіз жеткізу қажет. 

1.7. Конкурс кезінде қарау үшін, логотип суреті JPEG пішімінде әзірленіп, Өтініммен бірге электрондық поштамен немесе электронды тасымалдау құралына жазылып, осы Ереженің 2.2.-тармағында көрсетілген мекенжайға жіберілуі қажет. 

1.8. Конкурсқа қатысушы тек бір дизайндық үлгіде дайындалған Логотипті ұсынуы тиіс.

1.9. Конкурсқа қатысуға қажетті материалдар төмендегілерді қамтуы қажет:

- Түрлі-түсті және қара-ала шешімде ұсынылған логотип.

- Өтінімде қатысушының аты-жөні, қызмет орны, байланыс телефоны көрсетілуі тиіс. Жоғарыдағы мәліметтер көрсетілмеген жұмыстар конкурсқа қабылданбайды. Әрбір конкурс қатысушысы толық байланыс ақпаратын көрсетуге міндетті. 

- Ұсынылған логотипті сипаттайтын логотип әрленімі элементтерінің құндылығы мен мағыналық мазмұнын ашатын қысқаша түсіндірме жазба қоса өткізілуі қажет.

2. Конкурс шарттары

2.1. Конкурсқа өзге үміткерлермен бірге Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылары мен қызметкерлері және студенттері қатыса алады. 

2.2. Конкурс құжаттарын қабылдау okmpi_logotip@mail.ru арқылы жүргізіледі.

3. Конкурсты өткізу және қорытындысын шығару тәртібі

3.1. Конкурс материалдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ресми www.okmpi.kz  веб-ресурсында, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде, әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында конкурс туралы хабарландыру шыққан күннен бастап
2016 жылғы 27 қазанға (қоса алғанда) дейін қабылданады. 

3.2. 2016 жылғы 27 қазанда сағат 18:00-де логотиптерді қабылдау тоқтатылады. 

3.3. Барлық қажетті сұрақтар бойынша келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 725 21 40 05, 8 702 316 42 27.