Тіл – халықтар достығының дәнекері

26.09.16

Тіл – халықтар достығының дәнекері

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты үлкен мәжіліс залында филология және тарих, шет тілдері және дайындық факультеттерінің ұйымдастыруымен 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күні мерекесіне байланысты «Тіл – халықтар достығының дәнекері» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Кеш 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күні мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты өзге ұлт өкілдері арасында эссе жазу байқауының жеңімпаздарын 1-орын 123-16 оқу тобының студенті Эшанходжаева Нилуфар, 2-орын 119-86 оқу тобының студенті Махмудова Ш, 3-орын иегері 123-16 оқу тобының студенті Тойчибаева Гулхаеларды марапаттаумен басталды. Кеш қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді. 1-курс студенттері Диана Нұрпопа «Домбыра туралы баллада», Бекзат Дүйсенхан «Алға, Қазақстан!», Маргарита Варганова, Абайдың әні «Көзімнің қарасы», Балым Нұрман «Ізін көрем», Гүлсая Көпжанды «Тек алға!» әндерін асқан шеберлікпен орындап шықты. Сонымен қатар филология және тарих факультетінің студенттері Әсел Болат, Асылзат Мамадалиева, Гүлнұр Молдамұрат өз шығармашылығынан тіл туралы өлеңдерін оқыды.