ОҚМПИ арулары алда келеді

21.09.16

ОҚМПИ арулары алда келеді

Ал, сүйінші! Қала күні қарсаңында ұйымдастырылған "Шымкент аруы" байқауында ОҚМПИ студенті Дайана Садвакасова қызымыз жүлделі 2-орынды иеленді!

   Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Шымкент аруы – 2016» байқауына институтымыздың атынан  шет тілдері және дайындық факультетінің студенті САДВАКАСОВА ДАЙАНА қатысып, ІІ Вице Шымкент Аруы – 2016 орын иегері атанды. Бұдан өзге Дайана халықаралық «Жібек жолы айшықтары» ұлттық киім дизайнерлері көрме байқауына қатысып, «Жылдың үздік моделі» атағын жеңіп алды. Бойында қазақылық пен инабаттылықтың белгісі көрінген ару қыз бұл жолғы жеңісін өзінің оқып жүрген  білім ордасына арнады.