«Ұлы Дала елінің тірегі – тіл»

21.09.16

«Ұлы Дала елінің тірегі – тіл»

Бүгін ОҚМПИ филология және тарих факультетінің «Қазақ және әлем әдебиеті» кафедрасының  ұйымдастыруымен «Ұлы Дала елінің тірегі – тіл» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Ана тіліміздің қадір-қасиетін  арттыра  түсу  мақсатындағы іс-шараға ОҚМПИ тәрбие істері жөніндегі  проректор Ақлима Марқабатқызы қатысты.  Дөңгелек үстелде қазіргі таңдағы  күн тәртібіндегі  өзекті  мәселелер: «Үш тұғырлы тіл», «Күнделікті қолданыстағы   тіл тазалығы», «Ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап оқыту сияқты тақырыптар арасында қызу пікірталастар жүргізілді.Студент жастар ана   тілі туралы өздерінің  ойларында жүрген  сұрақтарды ортаға салды. Әсіресе әлеуметтік  желілердегі   тіліміздің  бұрмалануы туралы мәселелер жан-жақты талқыланды. Дөңгелек үстелге  қатысқан   студент жастар өз елінің, туған тілінің  патриоты  болайық деген тілектерін жеткізді.Факультет деканы Нұрпейісов Нариман, кафедра меңгерушісі Амангелді Мамыт, аға оқытушы Анар Жаппарқұловалар аталған іс-шараның жоғары деңгейде өткізілуіне атсалысты.