Баспасөз қызметі

                                                                                                                                                                                   Баспасөз қызметі
Баспасөз қызметі білім ордамыздың  биік  имиджі мен қоғамдық ортада оқу орны туралы оң пікір қалыптастыру және насихаттау жұмыстарын жүйелі жүргізеді. Республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі телеарна, радио және мерзімді басылымдарда ақпараттандыру жұмыстарын жариялап,  БАҚ-қа толық  және жан-жақты ақпаратты жеткізуге, оларды жариялауға ықпал етіп отыр.
Баспасөз қызметінің пәрменді жұмысының арқасында ірі шаралар, студент  жастардың флеш-мобы, танымал тұлғалармен болған кездесулер, қызықты ашық сабақтар туралы, көңілді тапқырлар командасының ойындары, жас модельердің сән үлгілері және өзге де қызықты оқиғалар телеарналар мен газет беттерінде дер кезінде көрініс тауып жатады.
Баспасөз хатшысы қызметін Қазақстан журналистер одағының мүшесі Ләззат Жорабекова атқарады.
Университеттегі баспасөз қызметінің көмегімен бүгінгі таңда педагогика саласындағы  ғылыми жаңалықтар мерзімді басылым беттерінде  дер кезінде жарияланып, насихатталуда. Сондай-ақ ақпараттандыру ісі әлеуметтік желілерде де  белсенді жүргізілуде. Әсіресе Инстаграмм, Фейсбук және  Телеграмм желісінде  білім ордасының жетістіктері мен ондағы айтулы оқиғалар үздіксіз жарияланып келеді. Онда университет ректоры, факультеттер мен кафедралардың жеке парақшалары ашылған.   Өз ісіне аса жауапты және белсенді ұстаздар телебағдарламаларға қатысып, жаңалықтар қызметі арқылы эфирге шығуда. Профессорлар мен жас ғалымдар да өз еңбектерін БАҚ-ы бетінде жариялап, педагогикалық әдстемелерімен және жаңашыл тәжірибелерімен бөлісіп келеді.   Университетіміздің баспасөз хатшысы білім ордасындағы қоғам үшін аса маңызды болған әрбір ақпаратты шұғыл әрі шынайы жеткізудің әрбір тиімді мүмкіндігін пайдалануда.