ОҚМПИ студенті  "Үздік төреші" номинациясын иеленді

20.09.16

ОҚМПИ студенті  "Үздік төреші" номинациясын иеленді

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, жастар саясаты бөлімі жəне "Болашақ" пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен  "Отбасы - тәрбие бастауы" атты пікірсайыс турнир өтті.  Отбасы мерекесіне орай ұйымдастырылған бұл шараға облыстағы жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу ордаларының шәкірттерінен жасақталған   "Ораторлар империясы", "Гүлдер", "Қайсар", "Жанға сая", "Элита" және "Эврика"  тобы  қатысты. Турнир қорытындысында  ОҚМУ-дың ішінен кұрылған "Ақиқат" клубының пікірсайысшылары жеңімпаз деп танылды. Ал "Үздік төреші" номинациясын ОҚМПИ студенті иеленді.