Жапония елінің бір топ ғалымдары ОҚМПИ-да болды

17.09.16

Жапония елінің бір топ ғалымдары ОҚМПИ-да болды

Джоетсу, Гагукей Токио, ДоккёжәнеЦукуба университеттерінің өкілдері білім ордасындағы химия және биологиякафедрасы ұстаздарымен пікірлесіп, келешекте өзара ынтымақта жұмыс істеуге уағдаласты. Шетелдік оқымыстылар бұл сапарында сондай-ақ Қызылорада облысындағы Арал теңізінде болды. Олар зерттеу жұмыстары үшін теңіз суынан сынамалар алып, сол маңдағы тұрғындармен пікірлескен. Қонақтар сөз барысында Арал проблемасы бүгінде төрткүл дүниені толғандырып отырғанына тоқталды. Енді олардың алдында жер қыртысы ментеңіз суының құрамын түпкілікті зерттеу жұмысы тұр.