Институт студенті - Азия чемпионы

14.09.16

Институт студенті - Азия чемпионы

Институтымыздың студенті Перизат Қадырбекова Индияның Кочи қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында өткізілген Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Ол боз кілемдегі белдесулерінің барлығын да жеңіспен аяқтады.  Перизат  Қадырбекова дене тәрбиесі кафедрасының 2 курсында оқиды. Спортшы бойжеткен бұған дейін де халықаралық дәрежедегі бәсекелерде жүлдегер атанған болатын.