Тарихы

Шетел тілдер кафедрасының тарихы 1994 жылдан басталады. Кафедра құрамында
 Р.С. Крацев, Р.В. Стелье, В.Г. Лобин, Ж.Тұнғатаров, Н.Авазбаев, А.Н.Яцухин, В.А.Редкин сияқты  ғалымдар  қызмет  атқарған.
2012-2013 оқу жылында кафедраны ф.ғ.к., доцент Абрамова Г.И. басқарды, 2013-2014 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі қызметіне п.ғ.к. Сманова Ғ.І. тағайындалды.
2019-2020 оқу жылында Ағылшын тілі кафедрасында 16 профессор-оқытушылар жұмыс атқаруда, олардың ішінде 2 доцент, 2 ғылым кандидаты, 3 аға оқытушы, 8 магистр-оқытушы және 1 волонтер бар.
Шетел тілдер кафедрасы  5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша   педагог мамандарды  дайындайды.
Мамандық түлектерінің болашақ қызмет орындары:
  • Білім беру мекемелерінде – жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда;
  • Ғылыми-зерттеу орталығы (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер);
  • Ағылшын тілін үйрету курстары
  • Аудармашы
Кафедра ұжымы студенттердің шетел тілінде теория мен практиканы ұштастыра жан-жақты білім алуына мүмкіндік жасауда. Кафедра оқытушылары ғылыми дайындығы мен шығармашылық ізденісін арттыру мақсатында, алыс және жақын шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасып, білім жетілдіру курстарынан өтті. Атап айтқанда, А.Абдукаримова (Эрфурт, Германия), А.Таджибаева (Осло, Норвегия), А.Ділдабекова (Англия, Ньюкасл) біліктілік арттыру курстарынан өтті.
2013-2014 оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 8 студент, 2014-2015 оқу жылында 6 студент Халықаралық Балтық академиясына (Рига, Латвия) және 6 студент (Зиген, Германия) Халықаралық Тілдер Академиясына білім алуға жіберілді.
2013-2014 оқу жылында кафедраның магистр-оқытушысы Л.С. Қанаева “Болашақ” бағдарламасы бойынша Нидерландыда 3-айлық іс-тәжірибеден өтті.
2018-2019 оқу жылынан бастап «Ағылшын тілі» кафедрасы деп аталады.
 
Ағылшын тілі кафедрасының ұжымы
Халықаралық ынтымақтастық және академиялық  ұтқырлық   бағыты бойынша  Филология факультеті
ағылшын тілі кафедрасының 2019-2020 оқу жылына мәліметі
 
       Сыртқы академиялық  ұтқырлық бойынша Филология факультеті   «Ағылшын тілі»  кафедрасы  2019-2020 оқу жылында  (3 семестр) 5В011900 - «Шетел тілі: екі шет тілі»  мамандығы  119-18 тобынан  Жақия Салтанат, Бекмұрза Аружан, Алпысбай Дана  Венгрия, Эгер қаласы  Карой Эстерхази университетінде  кредитті оқыту технологиясы бойынша келесі пәндерді оқыды:
  1. Ұлыбритания өркениеті
2 кредит
  1. Халықаралық экономика
3 кредит
  1. Сөйлеу жаттығулары І
5 кредит
  1. Грамматикалық жаттығулар І
5 кредит
      5. Қолданбалы лингвистика І
2 кредит
 
        Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде келесі пәндерді оқыды:
  1. Философия
5 кредит
  1. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
3 кредит
  1. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
3 кредит
  1. Дене шынықтыру
2 кредит
 
 
5В011900 - «Шетел тілі: екі шетел тілі»  мамандығы  3 курс студенттері   5- семестрде  119-17 тобынан Әлмұхан Салтанат,  Сәбит Ұлбике және 119-27 тобынан Кидирбаева Балзия  Венгрия, Эгер қаласы  Карой Эстерхази университетінде  кредитті оқыту технологиясы бойынша келесі пәндерді оқыды:
  1. Әдеби мәтіндерді оқу (екінші шет тілі) 
 
2 кредит
  1. Ағылшын тілінің лексикологиясы және стилистикасы
5 кредит
  1. Мәдениетаралық білім
2 кредит
  1. Венгрия мәдениеті және мәдениетаралық түсінік
5 кредит
Карой Эстерхази университетінде оқытылатын міндетті пән
  1. Британдық өркениет
2 кредит
  1. Білім және қоғам
2 кредит
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде келесі пәндерді оқыды:
  1. Кәсіби бағдарланған шетел тілі
3 кредит
  1. Жаңартылған бағдарлама бойынша шетел тілін оқытудың технологиялары
5 кредит
  1. Көркем әдеби мәтінді интерпритациялау
6 кредит
       
      .       
 5В011900 - «Шетел тілі: екі шетел тілі»  мамандығы  119-86 тобынан 7 семестрде Ақболатова Айдана Венгрия, Эгер қаласы  Карой Эстерхази университетінде  кредитті оқыту технологиясы бойынша келесі пәндерді оқыды:
  1. Әдеби мәтіндерді оқыту (екінші шетел тілі)
2 кредит
  1. Қолданбалы лингвистик
2 кредит
  1. Венгрия мәдениеті және мәдениетаралық түсінік
5 кредит
Карой Эстерхази университетінде оқытылатын міндетті пән
  1. Грамматикалық жаттығулар
  2. (екінші шетел тілі)
5 кредит
  1. Қоғам және білім
 
2 кредит
  1. Ағылшын тілі мен диалектологиясының тарихы
2 кредит
          Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде келесі пәндерді оқыды:
  1. Жаңартылған бағдарлама бойынша шетел тілін оқытудың технологиялары
8кредит
  1. Шетел тілін арнайы мақсатта оқыту (С1 деңгейі)
10 кредит
 
5В011900 - «Шетел тілі: екі шет тілі»  мамандығы 3 курс 119-27 топ студенті Тажибаева Айнур Польша еліндегі  Лодзь университетінде кредитті оқыту технологиясы бойынша келесі пәндерді оқыды:
  1. Объектіге бағытталған тіл
6 кредит
  1. Неміс әдебиетінің тарихы
4 кредит
  1. Британ әдебиеті
6 кредит
  1. Мәдениетаралық коммуникация
5 кредит
  1. Ағылышн тілінің лексикасы және фразеологиясы
3 кредит
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде келесі пәндерді оқыды:
  1. Көркем әдеби мәтінді интерпритациялау
6  кредит
  1. Жаңартылған бағдарлама бойынша шетел тілін оқытудың технологиялары
5 кредит
 
Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша  Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне  «5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы  2 курс 119-28 оқу тобына Көпжасар Назерке және Өмірсерік Арайлым келді.