Әкімшілік шаруашылық басқармасы

Аяпов Әкім Серікбайұлы

Шаруашылық басқармасының басшысы

Шаруашылық бөлім ОҚМПУ-дың құрылымдық бөлімі болып табылады

Шаруашылық бөлім  құрылымдық және штаттық кестеге сәйкес  еңбек және төлем қор жоспарлары бойынша бекітілген шеңберде жұмыс істейді.

Шаруашылық бөлімі  3 оқу корпусы, 3 студенттер үйі, Спорт кешені, “Дәулет ” ашық спорт алаңы және де басқа қосалқы ғимараттардың шаруашылық қызметтерін бақылауды ұйымдастырады.

     Шаруашылық бөлімінің негізгі функциялары

Университет  ғимараттарына дер кезінде сапалы, түбегейлі және ағымдағы жөндеуді өткізу;

электр энергиясымен институт ғимараттарын үзіліссіз қамтамасыз ету,  ғимараттарды жылу энергияларымен, суық және ыстық сумен қамтамассыз ету;

ғимараттардағы тауар-заттық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, ғимараттардағы қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау;

институт бюджетіне сәйкес жихаздар, оқу және шаруашылық жабдықтарын және кеңсе заттарын, арнаулы киім-кешек  алуға сұраныс жасау;

студенттер үйіне кіргізу және шығару жауапкершілігі, студенттер үйінде тұру ережелері мен нормаларының орындалуын бақылау;

оқу корпустарын және жатақханалардың барлығын тиісті  және санитарлық- гигиеналық талаптарға сай тазалықпен қамтамасыз ету;

институт  аумағын сәулеттендіру және тазартуды  ұйымдастыру;

қауіпсіздік техникалары, өндірістік тазалық және өртке қарсы қауіпсіздік талаптардың орындалуын  қадағалау;

медициналық бекетте алғашқы дәрігерлік көмек көрсету.

           Шаруашылық бөлімінде жылу жүйесінің инженері Бекетаев Б.Б., инженер-энергетик Беркин А.Ф., ТҚ және ЕҚ инженері Манапова Г.А., құжат тіркеуші Сугирбаева Б., ғимаратардың коменданттары Садыбекова К.Т., Сарсенбаева Н.А., студенттер үйінің коменданттары, Камалова Г.,Камалова Г.,  Тұрсынбекова Ж.  медбикелер Сансызбаева М.О., Белгибаева С.А., Доскараева М., қойма меңгеруші Мырзаева Г.М., оператор Саудбаева Г.А.  қызмет жасайды.