Тілдік дайындық бөлімі

Кылышбаев Арман Диханович

Тілдік дайындық бөлімінің басшысы

            2016-2017  оқу  жылында ҚР БжҒМ  №517  (19.08.2016ж.)  бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Тілдік дайындық бөлімі ашылды. «Кешкі оқыту және дайындық» факультетіндегі дайындық бөлімінің басшысы аға оқытушы, магистр Қылышбаев Арман Диханович. ҚРБҒМ 2017 жылдың 28 қыркүйегіндегі №489 бұйрығына сәйкес 2017-2018 оқу жылында жоғары оқу орындарының дайындық бөлімінде тілдік деңгейін арттыру үшін оқитын 104 тыңдаушы университеттің тілдік дайындық   бөліміне қабылданды. Олар, Жоғары оқу орындарының дайындық  бөлімдері тыңдаушыларының тілдік дайындық деңгейін арттыру бойынша оқытуға (Қазақстаннан)–64 тыңдаушы қабылданса, Дайындық бөлімінің тыңдаушыларын даярлау бойынша ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ  – 40 тыңдаушы қабылданды. 2018-2019 оқу жылында 56-тыңдаушы қабылданды. 2019-2020 оқу жылы 55-тыңдаушы білім алуда.

         Бөлімнің негізгі мақсаты:

         Қазақстан Республикасы азаматтарының тілдік дайындық деңгейін арттыру мақсатында "Биология", "Физика", "Химия", "Информатика" педагогикалық мамандықтарына  мемлекеттік тапсырыс негізінде жоғары оқу орындарына  оқуға түсу үшін оқытуды  ұйымдастыру.

        Бөлімнің негізгі қызметі: 

  • Университеттің тілдік дайындық бөліміне тыңдаушыларды қабылдау;
  • Тыңдаушылардың оқу қабілетін, білім, таным ерекшеліктерін арттыру;
  • Білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау, өз жетістіктерін өздеріне талдату;
  • Өзіндік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру;
  • Жаңашыл ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, ағылшын тілінде сөздік қорын, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін дамыту;
  • Шығармашылық ізденістерін арттыру;
  • Тақырып бойынша тестпен жұмыс жүргізу;
  • Тыңдаушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатында тренингтер өткізу.