Кешкі оқыту және дайындық факультеті

Факультет тарихы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті кеңейтілген Ғылыми Кеңесінің шешімін (№ 6. 28.01.2017) негізге ала отырып университет  ректоры Оңалбай Аяшұлы Аяшевтың бұйрығымен (01.02.2017.) университетіміздің өндірістік қажеттілігіне байланысты кешкі оқыту факультеті құрылды. Факультеттің алғашқы деканы болып ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Г.Б.Алпамысова тағайындалды. 2017-2018 оқу жылының басында факультет құрамына дайындық бөлімінің қосылуына байланысты кешкі оқыту және дайындық факультеті болып қайта құрылды. 2017 жылдың қараша айынан бастап факультет деканы қызметін филология ғылымдарының кандидаты, ҚР оқу ісінің үздігі Нариман Жұмашұлы Нұрпейісов атқарады.

Қазіргі уақытта кешкі оқыту және дайындық факультетінде бакалавр мамандығы бойынша білім беретін 33 мамандық және тілдік дайындық бөлімі қызмет атқарады.

Кешкі оқыту және дайындық факультетіні төмендегі мамандықтарды дайындайды:

1.  5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

2.  5В010200  Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

3.  5В010300  Педагогика және психология

4.  5В010400  Бастапқы әскери дайындық

5.  5В010500  Дефектология

6.  5В010600  Музыкалық бiлiм

7.  5В010700  Бейнелеу өнері және сызу

8.  5В010800  Денешынықтыру және спорт

9.  5В010900  Математика

10.5В011000 Физика

11.5В011100 Информатика

12. 5В011200 Химия

13.5В011300 Биология

14. 5В011400 Тарих

15. 5В011500 Құқық  және экономика негіздері

16. 5В011600 География

17. 5В011700 Қазақ тiлi және әдебиетi

18. 5В011800 Орыс тiлi және әдебиетi

19. 5В011900 Шет тiлi: екi шет тiлi

20. 5В012000 Кәсіптік оқыту

21. 5В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

22. 5В012200 Орыс тілін оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

23. 5В012300  Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

24. 5В012500  Химия-биология

25. 5В012600 Математика-физика

26. 5В012700 Математика-информатика

27. 5В012800 Физика-информатика

28. 5В012900 География-тарих

29. 5В013000 Тарих-дінтану

30. 5В020500 Филология

31. 5В020700 Аударма ісі

32. 5В060700 Биология

33. 5В42100 Дизайн

Тілдік дайындық бөлімі.

 Қазақстан Республикасы азаматтарының тілдік дайындық деңгейін арттыру мақсатында "Биология", "Физика", "Химия", "Информатика" педагогикалық мамандықтарына мемлекеттік тапсырыс негізінде жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін ұйымдастыру.

 Бөлімнің негізгі қызметі:

Университеттің тілдік дайындық бөліміне тыңдаушыларды қабылдау;

  • Оқу қабілетін, білім, таным ерекшелігін арттыру;
  • Білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау, өз жетістіктерін өздеріне талдату;
  • Өзіндік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру;
  • Жаңашыл ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана отырып, ағылшын тілінде сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту;
  • Шығармашылық ізденісін арттыру;
  • Тақырып бойынша тестпен жұмыс жүргізу;
  • Тыңдаушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатында тренингтер өткізу.