ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

09.09.16

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

Бір дипломмен қос мамандық. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің №523 бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап жаңа алты мамандық ашылды: «Химия-биология», «Математика-физика», «Математика-информатика», «Физика-информатика», «География-тарих», «Тарих-дінтану». Осы мамандықтарды таңдаған талапкерлер қос пәннің мұғалімі ретінде білім бакалавры біліктілігіне ие болады. Шағын жинақталған мектептер үшін даярланатын бұл мамандар келешекте Қазақстанның білім беру жүйесін одан ары дамытып, өркендетуге үлес қосады. Шалғай ауылдар мен шағын станциялардағы жинақталған мектептер үшін бұл қуанышты жаңалық болды.

Жарайсың, ОҚМПИ! Профессор-оқытушыларға шығармашылық табыс тілейміз.