Жастар саясаты бөлімі

Жастар саясаты бөлімі

Айнабек Айдана Еркінқызы

http://zhastar.okmpi.kz/sites/default/files/u36/DSC_2060.JPG

     Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі

       Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының (университет) 5В011700-қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын 2015 жылы үздік дипломмен тәмамдаған. Педагогика ғылымдарының магистрі.

Жетістіктері:

  • Облыстық «Бір ел, бір кітап» аясында өткізілген О.Бөкей оқуларының Бас жүлде иегері.
  • IV Республикалық Әкім Ысқақ оқуларының 3-орын иегері;
  • Облыстық «Канеки, тілім сөйлеші»   шешендік өнер байқауының Бас жүлде иегері;
  • Облыстық Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері байқауының  2-орын иегері.
  • 2019 жылы «Ońtústik» телеарнасының ұйымдастыруымен халықтық  дауыс беру арқылы өткен "Үздік белсенді жас" онлайн байқауының  жеңімпазы.

Өлең, мақалалары аудандық, қалалық, облыстық, республикалық БАҚ-та жарияланған. 

Жастар саясаты бөлімі туралы:

Университетте 2011 жылдан бастап Жастар саясаты бөлімі жұмыс істейді. Оның негізігі міндеті: қоғамдық жастар ұйымы мен бірлестіктерді үйлестіру болып табылады. Жастар саясаты бөлімі белсенді, талантты студенттерді танытып, студент жастар үшін түрлі жобалар жасап, пікірсайыс турнирлер, түрлі акциялар, флешмобтар ұйымдастырады, студенттердің өзін-өзі басқару жетекшілері арасында семинар-тренингтер, конкурстар ұйымдастырады.

Студенттің  жан-жақты дамуы  мен  шығармашылық  әлеуетін  қалыптастыруда  университеттің  басқа  да  қоғамдық  ұйымдарының  мәні  бар.  Бүгінгі  таңда  Жастар саясаты бөлімінде мынадай  студенттік  ұйымдар, бірлестіктер   жұмыс  істейді:

  • Студенттік  ректорат;
  •  "Саналы ұрпақ" фронт офисі;
  • «Нұр Отан» ХД «Жас Отан» жастар  қанаты ұйымы;
  •  «Болашақ» пікірсайыс орталығы;
  •  «ОҚМПУ жігері" еріктілер ұйымы;
  •  «Достық шеңбері» достық ұйымы;
  •  «LOTUS» қыздар клубы;

       Олардың қызметін өзінің ережелері, жұмыс жоспарлары және мүшелер тізімі бар.

     Студенттердің этикалық тәртіп ережелерін көрсететін,студенттерге университетке  түсіп, бітіргенге дейін біріңғай талап қоятын негізгі құжат «ОҚМПУ студенттерінің  Ар-намыс кодексі» болып   табылады.

     Университеттің студент жастары   республикалық және жергілікті жастар ұйымына мүше бола отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру процестеріне белсене қатысуда, ЖОО студенттері «Жас Отан» жастар қанатының, ҚР Білім және ғылым минстірлігінің қолдауымен құрылған «Қазақстан студенттінің Альянсы» республикалық студенттерінің қозғалысының мүшесі болып табылады. Шымкент қаласында бұл ұйым өзінің қатарына 12-ден астам жоғары және орта оқу орындарын біріктірген. ОҚМПУ көшбасшылары, «Студент, өмірің қалай?», «Студент, тамақтануың қалай?», «Жемқорлықты болдырмайық», «Есірткіге жол бермейік», сонымен бірге  жастардың отансүйгіштік тәрбиесіне бағытталған «Бұл біздің Әнұран!», «Бұл біздің Ту!», «Бұл біздің Елтаңба!», «Жастар –туған елге!»  т.б. іс-шараларға белсене қатысады.

       Жастардың патриоттық санасын тәрбиелейтін «Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тәрбие бағдарламасы жасылынды (ғылыми кеңестің шешімі, 2014 ж. 26 ақпан, № 5-хаттама).  

    Жастардың әйгілі ғалымдар және білім мен қоғам қайраткерлерімен кездесу медиа-жоспары бекітілді (ғылыми кеңестің шешімі, 2014 ж. 29 тамыз, № 1-хаттама).    

     Жастарға жұмысқа орналасуға көмек беру, жұмыс берушілермен өзара ықпалдастықты  күшейту бойынша қосымша қызмет көрсету мақсатында бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыру басқармасы жыл сайын «Жас маман» бос орын жәрмеңкесін өткізеді, ол кәсіптік іс-тәжірибеден ғана өткен, басқа тәжірибесі жоқ жас маманды жұмысқа орналастырудың тиімді тәсілі болып табылады.

    Студенттердің  құқығын, еріктілігі мен қызығушылығын сақтау, демократияны  дамыту және студенттер мен институт басшылары арасында әріптестік қарым-қатынасты жақсарту мақсатында 2011жылдан ректорат және оның құрылымы жайында Ережесі бар Студенттік  Ректорат  жұмыс атқаруда: Университет ректоры үзбей студенттермен  кездеседі, ай сайын студенттер активінің мәжілістеріне қатысып, білім алу, студенттердің қоғамдық өмірін ұйымдастыру, олардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық әлеуеті – жалпы студенттік өмір жайында мәселелер талқыланады.

    ЖОО-дағы студенттің өзін-өзі басқару жұмысының тиімділігі әр сессиядан кейін тәуелсіз студенттік сауалнама және анкета жүргізу жұмыстары арқылы да, сонымен бірге «пошта және сенім телефоны» арқылы іске асырылады.

   ЖОО-да Жастар ұйымдарының рөлі күшті, іс-шараларға белсене қатысады, «студент – студентке» деген тең құқықты жүйедегі қарым-қатынаста.

     ЖОО-ның тәрбие жұмысының сонымен бірге“ студент- оқытушы” әріптестік жүйесінің тиімділігі арттырылуда.

     Университетте тәрбие жұмысының тиімділігін көрсететін мониторинг үнемі жұмыс істейді. Есеп беру мезгілінен кейін оқу топтарының тәлімгерлері тәрбие жұмыстары бойынша жазбаша есеп береді. Сонымен бірге тәлімгерлердің  күнделікті  жұмысын тәлімгер  журналы мен тәлімгерлік сағаттардың протокалдары  көрсетеді. Дәлелдеме материалдары бар.

   Оқу топтарының тәлімгерлердің жүргізетін әдістемелері мен жұмыстары білім алушылардың шығармашыл тұлға ретінде дамуына, өзін-өзі тәрбиелеуге, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, әлеуметтік тәжірибені  молынан игеруге ықпал етеді.

  ОҚМПУ-да студенттердің өз бетінше атқаратын жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Оқу жоспарының әр пәні бойынша ең кемі бір семестрінде тапсырма не курс жұмыс көзделген. СӨЖ-ді ұйымдастыру жұмыс жоспарларына, өз бетінше игеру материалдарының пәндік бөлімдеріне сәйкес жүргізіледі.

   Оқу процесін ақпараттық басқару жүйесі (ОПАБЖ) жасалып,оқу процесін басқару тиімді ұйымдастырылуда.

  Университетте ғылыми-зерттеу бөлімі факультеттермен және кафедралармен жыл сайын барлық мамандықтар бойынша студенттік ғылыми конференциялар жүргізеді.

  Университет жыл сайын студенттердің интелектуалдық және ғылыми семинарларын, олимпиадаларын, дөңгелек үстелдерін ұйымдастырады, сонымен бірге ЖОО студенттері республикалық олимпиадалар мен жобаларға, интелектуалдық «Болашақ» дебаттарына, «ОҚМПУ көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына, профессор А.Н. Подушкин ұйымдастыратын археологиялық танымдық семинарға, ғылыми мектептер арасында студенттердің КТК конкурстарына және басқаларға қатысады.

  Университет басшылығы үнемі жағдайы төмен студенттерге жәрдем беру, шығармашылық жастарды және жас спотрсмен-студенттерді қолдау жұмыстарын жүгізеді.

http://zhastar.okmpi.kz/sites/default/files/u36/WhatsApp%20Image%202019-12-22%20at%2016.37.32.jpeg