Құжат алу

Сабыр

Ассалаумағалейкум аға! 1 курсты  платныйда бітірдім. КТ-да бағымды сынап көрейін деп едім. Оқу аяқтағылы бері документті ала -алмай жүрміз .Ешкім жауабын айтпайды барсақ ұрсады. Жан-жақтан сұрасақ барлық оқу орындары берген сонда біз ереже басқа ма.?

Жауап: 

Құрметті студент!

Сізге 1-курстан 2-курсқа көшу бұйрығы шықпай тұрып,  оқудан шығу туралы бұйрық шығарылмайды. Себебі, ертеңгі күні оқуыңызды 
2- курстан  қайта жалғастыру үшін бұйрықпен 2-курсқа көшкен болуыңыз керек. Көшу бұйрығы 28 маусымда шығатындықтан,
30 маусымда құжаттарыңызды алуыңызға болады.