XXI ғасырдың педагогы       

10.06.16

XXI ғасырдың педагогы       

  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында «Ректорлар лигасының» бастамасымен екінші рет  жас оқытушылардың  республикалық «XXI ғасырдың педагогы» атты байқауы  өтеді. Бұл байқау алғашқы рет І.Жансүгіров атындағы  Жетісу мемлекеттік университетінде өтті.  

Бұл  байқауға  қатысуға  Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарынан 46  ұстаздан өтініш келіп түсті. Соның ішінде байқаудың екінші кезеңіне республикамыздың 20-ға жуық оқу орындарынан  атап айтқанда  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен,  Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты, Инновациялық Еуразия университеті, І.Жансүгіров атындағы  Жетісу мемлекеттік университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Алматы технологиялық университеті, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Еуразия гуманитарлық институты, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қайнар университетінен, Академиялық инновациялық университетінен, Сырдария университеттерінен т.б. 28  үміткер қатысты.