Ақпараттық хат

26.05.16

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Халықаралық конференция

«БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ КОНЦЕПЦИЯСЫ»

17 маусым  2016 жыл  

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Сіздерді Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында   2016 жылдың 17 маусымында ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «Білім, ғылым және өндірісті интеграциялау концепциясы - 2» атты  Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз!

Конференция Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Жаратылыстану факультетінде өткізіледі (Шымкент қ-сы, Қазақстан).

Конференция  жұмысының бағыттары:

  • Мемлекеттілікті қалыптастыру тарихы және Қазақстанның қоғамдық – саяси дамуының өзекті мәселелері;
  • «Қазақстан -2050» Стратегиясы шешімдерін орындаудағы педагогикалық зерттеулер;
  • Жоғары оқу орындарында үштілділік пен интернационализациялаудың даму мәселелері;
  • Жаратылыстану пәндерін оқытудың өзекті мәселелері  және қолданбалы ғылымдар;
  • Заманауи оқыту үрдісінде IT технологиялардың маңыздылығы

Конференция шеңберінде ЖОО-да білім беру мен ғылымның даму келешегі,      ОПҚ  мен студенттердің әлемдік білім және ғылым кеңістігіне ену  мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.

 Конференцияға ғылыми мекемелердің, кәсіпорындардың    жетекшілері мен қызметкерлері, ғылыми-педагогикалық  қызметкерлер, ғылыми қызметкерлер, ЖОО  профессорлық- оқытушылық құрамы, докторанттар мен магистранттар шақырылады.

Конференция секцияларының модераторлары мен  хатшылары:

          Секция 1. Мемлекеттілікті қалыптастыру тарихы және Қазақстанның қоғамдық – саяси   дамуының өзекті мәселелері.

 Модератор: т.ғ.к., доцент Сүгірбаева Г.Д., хатшы: п.ғ.к., Есимова А.

          Секция 2. «Қазақстан -2050» Стратегиясы шешімдерін орындаудағы

педагогикалық зерттеулер.

Модератор:  п.ғ.д., профессор Сманов Л.С.,хатшы: п.ғ.к. Сыдықов М.Е.

            Секция 3. Жоғары оқу орындарында үштілділік пен интернационализациялаудың даму мәселелері.

Модератор: п.ғ.д., профессор Досбенбетова А.Ш., хатшы: п.ғ.к., доцент Киясова К.К.   Секция 4.  Жаратылыстану пәндерін оқытудың өзекті мәселелері  және қолданбалы ғылымдар.

 Модератор: т.ғ.д., профессор Аширов А.М., хатшы: б.ғ.к., доцент Байсеитова Н.М..:     Секция 5. Заманауи оқыту үрдісінде IT технологиялардың маңыздылығы.

 Модератор: п.ғ.д. Қадырбаева Р.І., хатшы: п.ғ.к. Адылбекова Э.Т.,

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын. 

Баяндаманы ұсыну түрі:

  1. Пленарлық баяндама – 15 минут
  2. Секция мәжілісінде баяндама – 10 минут
  3. Постер (стенд арқылы баяндама: көлемі 110х90)

Конференцияға қатысу үшін  2016 ж. маусым айының 10-на дейін электрондық вариант бойынша  тіркеу формасын және баяндама мәтінін (мақала) Word 2003-2007 форматында, тек қана doc   файлы түрінде  okmpi_nauka@mail.ru және mika_vipss@mail.ru  адресі бойынша жіберу керек. Постердің мағыналы рәсімделуіне конкурс ұйымдастырылады. Конференция материалдары жинақ түрінде баспадан басылып шығады.         .

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтынан  конференцияға  жауапты тұлғалар:

Ибрагимова Жанат

Тел.: 8701 3381433

Факс:8725-2 214006

okmpi_nauka@mail.ru

Мәдібекова Ғалия Мүтәліқызы

Тел.: 8 747 7014368

Факс:8725-2 214006

e-mail: Galiya56@list.ru

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ

Фамилиясы…………………………...................

Есімі……………………………….................

Әкесінің аты…………………………..............

Туған жылы……………………...................

Мемлекет……………………………...............

Мекеме……………………..........................

Пошта индексі, мекенжайы………...................................................

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы…………………...................

Лауазымы…………………….....................................................

Секция аты………………...............................................................

Баяндама (мақала) тақырыбы………......................................

Баяндаманы ұсыну түрі:  пленарлық, секция мәжілісінде, стенд бойынша және конференциядан тыс қатысу (тиістісін қалдыру керек)

Тел.:………………………………

Факс:……………………………...

E-mail: ……………………………

Материалдарды жариялауға қатысты талаптар

  1. Мақала мазмұнына қойылатын талаптар

Жариялауға берілген материал:

  • өзекті,
  • өзіндік,
  • қойылған мақсат орындалған болу керек.
  1. Мәтінді дайындауға қойылатын талаптар:

1. Мәтіннің көлемі 5 бетке дейін болу керек.

2. Парақ форматы А4, кітап ретінде беттеу; парақ параметрлері: жоғарғы, төменгі, оң жақтары - 20 мм, сол жағы - 30 мм.

3. Microsoft Office WORD редакторы бойынша, шрифт - Times New Roman. Көлемі: баяндама (мақала) тақырыбы – 12 pt, бас әріптермен, қарайтылған; авторлардың аты-жөні – 12 pt, қалыпты; мекеменің атауы, е-mail – 12 pt, қалыпты; резюме – 12 pt (екі тілде), курсив; негізгі текст және әдебиеттер тізімі – 12 pt, қалыпты.  Абзац 10 мм, жоларалық интервал - бір бірлік.

4. Латын тілінде келтірілген терминдер курсив бойынша жазылу керек. Сан бөлігі нүктемен белгіленеді. Суреттемелердің сілтемелері: Сурет 1, Кесте 2.

5. Формулалар WORD формулалар редакторы бойынша мәтінге қосылуы керек.

6. Графиктер мен кестелерде мәліметтер қайталанбау керек. Суреттің сілтемелері 12 pt шрифт арқылы жазылу керек.

7. Әдебиеттердің сілтемелері квадрат жақшасында [1, 2] мәтінде кездесу реті бойынша жазылуы міндетті.

Авторлардың назарына!

Ұйымдастыру комитеті мақалаларды мұқият тексереді, жариялау алдында сұрыптайды.  Текст дұрыс тегістелу керек.  Қателер болмау қажет. Талаптарға сәйкес емес материалдар басылып шығарылмайды және қайтарылып жіберілмейді.

Ұйымдастырылу жарнасы

Ұйымдастырылу жарнасы – 3000 теңге. Конференцияға басқа қалалардан қатысушылар берілген  e-mail  адрестер бойынша төлем құжаттың сканерлік көшірмесін (*jpg  форматты) жіберу керек. Ұйымдастырылу жарнасын салу  шоты: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының реквизиті: 160012, Шымкент қ.,   Иляев көш., №16 үй, РНН –582 200 045 057, БИК – KZK0KZKX, БИН -110 740 004 288 КБЕ -16, ИИН – KZ 569 260 801 159 775 000, AO «Казкоммерцбанк», конф-химия деп көрсетіп   жіберіледі.