Пікір сайыс -ой талқы алаңы

23.05.16

Институтымызда  "БОЛАШАҚ" пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен   "Болашақ CUP III" атты дәстүрлі турнир өткізілді. Оған  ЖОО-нан  15 команда қатысты. Сайыс барысында жеребе тартылып қарсылас командалар анықталды. Олардың дені  таңдап алынған тақырыпты тереңінен талдап, өз ойларын нақты дәйектермен дәлелдей білді.  Ақтық сында  ОҚМПИ-ның "БОЛАШАҚ" ПК және ОҚМУ-нің  "АҚИҚАТ" пікірсайыс клубтары кездесті. Аға буын өкілдерінен құралған төрешілер шешімімен ОҚМПИ "БОЛАШАҚ" ПК 1 жүлделі оынды иеленді.  Ал екінші орын  ОҚМУ "АҚИҚАТ"  клубына, үшінші орын Халықтар достығы университетінің "ЖАЛЫН"  тобына бұйырды. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен кубок және ақшалай сыйлық табыс етілді.  Сондай-ақ студенттік ректораттың ұйымдастыруымен қонақтарға арнайы фуршет, концерттік бағдарлама дайындалды.