Бердалиев Даулетбай Тұрдалыұлы
оқу-әдістемелік басқарма басшысы, физика- математика ғылымдарының кандидаты
Оқу-әдістемелік басқарманың тарихы
Институтымыздың ашылған алғашқы 1937 оқу жылынан бастап педагогикалық мамандықтар бойынша оқу процесіне сәйкес оқу жоспары мен бағдарламаларын үйлестіру және сабақ кестесін реттеу жұмыстарын жүргізетін мамандар қызмет атқарған. Мысалы, 1960 жылдары Ахметова Ляля Салиховна сынды қызметкер. 1980 жылдары институттың оқу бөліміне басшылық қызметті Вахтель Иван Иванович, Әлжанов Серік Саниевич, Серокко Инда Петровна, Тұртабаев Сәрсенбек Қойшыбайұлы, Орманов Нұрлан Керімбекұлы, Дайырбеков Серік Сансызбайұлы атқарды.
2011 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты ашылған жылы оқу-әдістемелік бөлімі құрылып, басшысы қызметін п.ғ.к., доцент Дайырбеков Серік Сансызбайұлы, 2012-2014 оқу жылдары г.ғ.к., доцент Мамадияров Марат Дүйсенұлы, 2014-2016 оқу жылдары аралығында ф.ғ.к. Сапарбаева Қарлығаш Жылқыбайқызы атқарды.
2016 жылдың қыркүйек айынан бастап оқу-әдістемелік басқармасының басшылық қызметін ф-м.ғ.к. Бердалиев Даулетбай Тұрдалыұлы атқаруда.