"СУСІҢГЕНГЕ" САЯХАТ

20.05.16

"СУСІҢГЕНГЕ" САЯХАТ

Қазақстан және әлем тарихы кафедрасының оқытушысы Т.М. Руяткинаның бастауымен институт студенттері осымен 16-рет "Сусіңген" көліне туристік саяхат жасады. "Сусіңген" көлі теңіз деңгейінен 1900 м биіктікте Қаржантау жотасының оңтүстік жағында орналасқан. Аумағы 3,5 мың шаршы метр. Оның басты қасиеті суы  тез тартылады.  «Сусіңген» атауы содан пайда болған. Саяхтшылар тобына бұл жолы  туристік сапармен әдейін Польшадан  келген Марек Коволик дейтін азамат қосылды. Студенттер осылайша табиғаттың тылсым дүниесімен сырласып, өлкенің тарихына қанығып қайтты.