ӨЛКЕТАНУ-ОТАН ТАРИХЫНЫҢ БАСТАУЫ

19.05.16

ӨЛКЕТАНУ-ОТАН ТАРИХЫНЫҢ БАСТАУЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының "Біркөлік" шатқалында  туристік өлкетану экспедициялық жасақтарының республикалық слеті өтті. Байқауға еліміздің барлық өңірі мен Алматы және Астана қаласынан 16 команда қатысты. Оған оқу ордамыздың ұстаздары, т.ғ.к. Т.М. Руяткина және т.ғ.к. А.Д. Тажекова  қазылық етті. Бұл жиында  Оңтүстік Қазақстан  облысының намысын екі бірдей  топ: шымкенттік "Барыс" және Сайрам ауданының командасы қорғады.  Мектеп шәкірттері слетта өздерінің  өлкетануға байланысты зерттеу жобаларын ұсынды. Жүріп өткен туристік бағыттары  туралы түсірілген бейнефильмдерді көрсетті. Сондай-ақ  тауға  өрмелеу, биіктікті бағындыру  шеберліктерін сынға салды. Бірнеше күнге созылған жиын қорытындысында бірінші орынды Батыс Қазақстан облысының оқушылары еншіледі. Ал екінші орын шымкенттік "Барысқа" бұйырса, ал үшінші орынға Астана қаласының командасы лайық деп табылды.