21 ғасырдың мұғалімі

16.05.16

Байқау ережесі

2016 жылдың 9-10 маусым күндері «Ректорлар лигасы» жұмысының жоспарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының оқытушылары арасында «ХХІ ғасыр мұғалімі» атты жас педагогтардың Республикалық байқауы өтеді.

Республикалық байқау:

  1. Әріптестер мен студенттер арасында жоғары кәсіби рейтингке ие болған, шығармашылықпен жұмыс істей білетін педагогтерді анықтауға;
  2. Озық педагогикалық тәжірибені таратуға бағытталады.

Байқау мақсаты:

ЖОО оқытушыларының шығармашылық белсенділігі мен кәсіби біліктіліктерін жетілдіру.

Байқаудың міндеттері:

  • Талантты оқытушыларды анықтау, қолдау және марапаттау;
  • Байқауға қатысушылардың шығармашылық, зияткерлік, коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
  • Педагогикалық мамандық беделін көтеру;
  • Оқытудың жаңа технологияларын, білім берудің ерекше әдістерін анықтау.
  • Озық педагогикалық тәжірибелерді тарату.

Байқауды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес байқауға 3 жылдан кем емес ғылыми педагогикалық жұмыс өтілі, тиісті біліктілігі бар оқытушылар қатыса алады.

Республикалық байқауға қатысу ұйымдастыру комитетіне төмендегі материалдар ұсынылуы тиіс:

1.Қатысушы анкетасы (түйіндемесі)

2. Жұмыс тәжірибесі туралы сипаттама (педагогикалық жетістіктері)

3.Байқауға қатысушының жеке шығармашылық есебі

-авторлық құқықтары;

-оқу құралы;

-әдістемелік талдамалары;

-сабаққа арналған үлестірілмелі материалдар;

-студенттердің оқу зерттеу және ғылыми зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасау (дәлелдік құжаттармен).

Байқау 3 турдан тұрады.

1-тур –үй тапсымасы.

Комиссия мүшелері байқауға жіберілген қатысушылардың анықтау үшін байқауға ұсынылған ғылыми жобаларды сараптамадан өткізеді.

Ұсынылған материалдар төмендегі критерийлерге сәйкес бағаланады.

●жобаның өзектілігі (заманауи білім беру ортасында тұлғаны дамытуға арналған қазіргі проблемаларды шешу, гуманистік педагогикаға бағдар);

●практикалық маңыздылығы (ЖОО –да қолданылу тәжірибесі, тәжірибе басқа жағдайларға ауыстырылуы да мүмкін немесе қоғамдық мүдде көрсетілуі керек); 

●көз жеткізу (тәжірибе құндылығын дәлелдеу, қисындылық);

●стандарттық емес әдістер және қолданыстар (қандай жаңалық, педагог педагогикалық технологияға стандарттық емес қандай тың жаңалық енгізу);

●тәжірибенің мақұлдануы (кім бақылады, кім қатысты, кім талдады; жұмыс сапасын куәландыратын тәжірибе бағасы);

●ұсынылған технологияның таратудың қолжетімділік деңгейі (әдістер, жобалар), тәжірибе сипатталған ба, қандай формада, тәжірибені тарату қалай ұсынылады;

●рәсімдеу мәдениеті (баяндаудың ғылымилығы, тіл қолдану шеберлігі, педагогикалық эрудицияны демонстрациялау, қазіргі ғылымдардың ғылыми зерттеулеріне сілтеме бере білу және инновациялық тәжірибе).

Барлық жеті критерийді байқау комиссиясы 3 баллдық өлшеммен бағалайды:

3-ескертусіз –жоғары балл;

2-ескертулері бар – орта балл;

1-критерий талаптары орындалмаған –төмен балл.

10 балдан кем жинаған оқытушылар келесі сынақтарға жіберілмейді.

ІІ тур

а) байқауға қатысушылардың оқу-тәрбиеп үдерісінің психологиялық –педагогикалық негіздері жәненормативтік –құқықтық базалары жөніндегі бөлімдерін тестілеу -30 мин.

в)байқауға қатысушылардың өзін-өзі таныстыру -10 мин.

Таныстыру еркін формада өткізіледі. (өзі жайлы; тың идеялар, тұжырымдамалар, қызығушылығы жән т.б.).    

         Бағалау критерийлері;

1. Озық тәжірибе идеяларын айқындап көрсету және тұжырымдау біліктілігі

2. Тұжырымдаманың ерекшелігі және жаңашылдығы.

3. Авторлық тұжырымдаманы жүзеге асыру жолдарын ашып көрсету.

4. Педагогикалық әдіс-тәсілдерді таңдауда оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру аясында түрлендіру нақтылығы.

5. Ұсынылған технологияларды дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстырудың нәтижелік көрсеткіштерін қолдануды негіздеу.

6. Көпшілік алдында сөйлеу шеберлігін

7. Таныстырудың бірегейлігі, регламенттің сақталуы.

         Педагогикалық тәжірибені көрсету кезеңіндегі байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалау 3 балдық жүйемен бағаланады:

3-жоғары балл;

2-орта балл;

1-төмен балл;

ІІІ тур –оқу –әдістемелік кешенді көрсете отырып, ашық сабақ өткізу -25мин.

         Ашық сабақты бағалау көрсеткіштері:

1.Сабақты ұйымдастыру кезеңі (мұғалім мен студенттің сабақты бастауға дайындығы, сабаққа кірісудегі іскерлігі).

2. Сабақ мақсатының айқындылығы.

3.Оқыту әдістері мен типтерін таңдаудың мақсатқа бағытталуы.

4.Білім алушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы (оқытуда қолданылатын формалардың тиімділігі).

5.Сабақтың психологиялық –педагогикалық аспектілері, қарым-қатынас стилі.

6.Оқытудың түрлі технологиялары мен әдістерін қолдану.

7. Сабақ мазмұнын саралау және жүзеге асыру.

«Ашық сабақты өткізу»

ІІІ турын бағалау 3 балдық жүйеде жүзеге асырылады:

3-жоғары балл;

2-орта балл;

1-төмен балл;