21 ғасырдың мұғалімі

16.05.16

Ақпараттық хат

Байқауға ғылыми-педагогикалық өтілі 3 жылдан кем емес, тиісті біліктілігі бар оқытушылар қатыса алады.

Байқауға қатысушыларды ұсынуда төмендегі критерийлер басшылыққа алынады;

- өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтап, кәсіби іс-әрекет тұжырымдамасын көрсете білу;

- кәсіби іс-әрекеттегі озық, дәстүрлі және инновациялық тәжірибесін, әдістемелік шеберлігін тиімді үйлестіру;

- жеке шығармашылық ізденістерге, импровизацияға қабілетттілігі;

- қарым-қатынас жасау мәдениетінің деңгейі;

- ұйымдастырушылық сапасының деңгейі;

- оқыту сапасы мен нәтижесі.

Республикалық байқауға қатысу үшін 2016 жылдың 20 мамыр айына дейін ұйымдастыру комитетіне төмендегі материалдар ұсынылуы шарт:

1. Қатысушы анкетасы (Түйіндеме)

2. Жұмыс тәжірибесі жайлы сипаттама (педагогикалық жетістіктері).

Оның мазмұнында жаңашылдық пен тәжірибе нәтижесі 2-3 бет көлеміндегі мәтінмен 1,5 интервалда көрсетілуі тиіс. Мәтінге қосымша ретінде 15 минут көлеміндегі сабақтың үзінділері көрсетілетін бейнежазбалардан алуға болады.

3. Байқауға қатысушының жеке шығармашылық есебі;

-Авторлық бағдарламалар;

-Әдістемелік талдамалар;

-Сабаққа арналған үлестірмелі материалдар;

-Студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасау(дәлелді құжаттармен).

4. Жеке куәлік, куәлік, сертификат немесе біліктілігін арттыру жөніндегі басқа да дәлелді құжаттарының болуы.

Біздің мекен-жайымыз:

160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Байтұрсынов көшесі 13, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты.

Барлық сұрақтар бойынша Алиева Меруертке хабарласуыңызға болады:

8702 666 49 47

Электронный адрес: okmpi_nauka@mail.ru,  mika_vipss@mail.ru