Достықтың биік тұғыры

16.05.16

 Достықтың биік тұғыры

Бастауыш білім факультетінің ұйымдастыруымен  «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан» тақырыбында танымдық кеш өткізілді. Кешке облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Икрам Хашимжанов, шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрайымы Саждат Ахметова, «Ақысқа» түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Ибрахим Түрки қатысып, баяндама жасады. Ал  институт студенттері  әр түрлі ұлттардың тарихымен таныстырып,олардың  салт-дәстүрі мен мәдениетін паш етті. Кеш қонағы,  облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Икрам Хашимжанов бүгінгі таңда өңірімізде 130-ға жуық этнос өкілдерінің ынтымақ пен бірлікте өмір сүріп жатқанын Елбасы саясатының нәтижесі деп бағалайтындығын атап өтті. «Тұғырымыз – тыныштық, тірегіміз – тұрақтылық!» дей келе, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Әлем. XXI ғасыр» Манифестінің  жердегі тыныштық пен бейбітшілікке, толеранттылыққа бағыттайтын ерекшелігіне, бірлікке, саяси-экономикалық тұрақтылықтың басты әрі негізгі кепілі ретіндегі құндылығына тоқталды. Ал  «Ақысқа» түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Ибрахим Түрки де елімізде тату-тәтті тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың ең басты байлығы бірлік пен достық туралы өлеңін оқып берді, өз кітаптарын институт кітапханасына сыйлады.